Студенттер де 42 500 теңге алады

5539
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалған студенттерге де  ең төменгі жалақы мөлшеріндегі көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, бір үйден бірнеше адам көмек алуға құқығы бар. 

Әлеуметтік төлем тағайындаған кезде, бір отбасынан неше адамнан өтініш түскені есепке алынбайды. Бастысы олар 42 500 теңге алуға құқылы азаматтардың санатына жатса болғаны. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

"Біз адам санына қарамаймыз. Егер бір отбасынан үш-төрт адам төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылып қалып, өтініш берсе, бәріне бірдей төленеді. Ең бастысы, біздің талаптарға сай келсе болды", – деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Атаулы әлеуметтік көмек алатындар, табысынан айырылса, 42 500 теңгеге өтініш беруге құқылы.

Сонымен қатар, ең төменгі жалақы мөлшеріндегі көмек төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалған студенттерге де төленеді.

Айта кетсек, әлеуметтік төлемге бір рет өтініш беру жеткілікті, ол төтенше жағдай режимі аяқталғанша төленеді. Еңбек министрлігі хабарлағандай, төтенше жағдайдың 30 сәуірге дейін ұзартылуына байланысты қазақстандықтарға төлем екінші рет беріледі.

Әлеуметтік төлемге өтінішті eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

Бұдан бөлек, еңбек министрлігі 42 500 теңге жәрдемақы алуға берген өтініштің статусын тексеруге мүмкіндік беретін арнайы сервисті іске қосты.

Пікірлер