Серік Елікбай: Оппозиционер қыздың ғашығы

3304
Adyrna.kz Telegram

Ол кішкентай кезінен ерегесіп ер жетті...
Әкесі шағын ауылдың малын бағатын.
"Қазақи таныстық" деген осы ауылда еді.
Мұғалім біткен-әкімнің, ақшалылардың, қызметтестерінің балаларына ғана жақсы баға қоятын.
Бұл күнде сабаққа дайындалып барады.
Күнде тап-таза жүретін.
Күнде тозыңқы киімін өзі жуып, жамап алады...
Сырқат шешесі қалған жеті баламен әуре.
Әкесінің тапқаны, мардымсыз ақшасы жетпейді - көп балалы шаңыраққа.
Оқуға түскенінде құжат қабылдап отырған қыз - бәрі бес аттестаттың иесінің медальсіз екеніне таң қалған.
Соңынан келер ақшасы жоқ Гүлім-бос уақытында елдің еденін жуып, кешке ресторандарда даяшы болып істеді...
Осылай жүргенінде Сұлтанды көрген.
Қазақ тілінде шешен, билікке қарсы сымбатты жігіт баурап алды жанын...
Бұл өкімет құру керек дейтін.
Біз билікке келуіміз керек дейтін...
Дейтін...
Сұлтанның шақырған бар жиынына барды.
Өз пікірін, мақалаларын бар сайт, әлем желіге жаза бастаған.
Басында бұған ҰҚК адамдары келіп жолыққан, кейін деканат ескертті.
Содан соң түн тектес күндер басталды.
Басында сасып қалған Гүлімнің қасына Сұлтан келіп, көмек қолын созған.
Бұл да құлай көнген...
Бәрі бір оқумен қош айтысуға тура келген.
Соңында Сұлтан да сусып, бой тартқан...
Бұның беті де тораланып қалыпты...
Қалтафоннан сарылып, сағаттап іздеп әрең тапқан.
Жайын айтқан...
Үнсіз қалды...
Келесі жолыққанда шынын айтқан.
Мен үйленгенмін!
Әрі органда істеймін...
...жүрегі атқақтап соқты!
Ары қарай есін білмейді...
Өз-өзіне келгенде қараса қасында Сұлтанның өлі денесі жатыр.
Егер бұл асылып өлсе-денесін алуға әкесінің ақшасы жоғын ойлады...
Сырттан..."қазақ болып тумағанда нетер ем" деген ән естіліп жатты.

 

Пікірлер