БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Ештеңе мәңгілік емес

2720
Adyrna.kz Telegram

Елдегі саясатқа біздің халық араласпай келді осы күнге дейін. Қоғам өзі бір бөлек, билік өз алдына өмір сүріп жатты. Нәтижесі бүгінгі күніміз. Әрмен қарай бұл жолмен жүруге болмайтыны ақиқат.

Сайлауда үлкен өзгеріс күттік. Сендік. Соңында қапы қалдық. Қоғам да дайын болмады. Әлі де дайын емес. Не істемек керек?..

Қазіргі жағдайда екі сценарий бар:

1. Революция. Бұл жолға да қоғам дайын емес. Шықпайды. Шықса да біркелкі идея мен платформа жоқ. Билікке кімнің келетіні түсініксіз. Оның қалай басқаратыны да белгісіз. Уәдені оңды-солды айта беру оңай әрине. Егер бұл сценарий орын алса Ресей әскерін кіргізеді. Ол анық. Олар үшін Қазақстан Орта Азияға шығар қақпа іспеттес. Қазақстаннан айрылу, не бұл елде билікке батыстық векторды ұстанатын саясаткердің келуі Ресей үшін державалық статусын жоғалтумен тең. Қазақстанға туған күн өздеріне де жетерін жақсы біледі. Соңғы 20 жылдан бері Европаға жақын Украинаны ырқына жібермеген Ресей бізден де айрылмасы анық. Революция болса экономика кемі 5-6 жыл артқа кетеді. Біздің елде әлемнің барлық ірі мемлекеттерінің инвестициясы бар. Миллиардтаған ақша салған өзге елдер де қарап отырмайды. Олар да араласса әлемде жер көлемі 9 орынды алатын Отанымызды 18 млн халық ұстап тұра алмаймыз.

2. Эволюция. Бұл жол қазіргі ахуалда ең дұрысы. Халық президентті қолдап, саяси реформаны табанды түрде талап етуі қажет. "Билікке анау келеді, мынау келеді" деп әңгіме айта берсек, бытыраңқы болсақ, қолдамасақ онда точно келеді. Келтірмеу, президентті қаншалықты қолдап, белсенді саяси реформаны талап етуімізге тікелей байланысты. Ештеңе мәңгілік емес. Уақыт, сағатымен бәрі реттеледі. Елі қолдамаса ер де жетім. Билікке келген соңғы бір жылда әлеуметтік салада бірқатар істерді атқарды. Билік қоғамдық пікірге құлақ аса бастады. Қолдайық!

Әрине эмоциямен, адреналин беретіндей әңгіме айту ең оңайы. Бірақ еліне жаны ашыған азамат халқын орға жығатын сөз айтпайды деп білемін. Өрге бастайтын жол сілтейді. Біз президенттің төңірегіне топтасуымыз қажет. Ол кетсе Қазақстан кететіндей бір жұдырық болсақ өзгерістің ауылы да жақындай бермек. Басқа альтернатива жоқ. Оппозицияның да, басқаның да деңгейін көріп отырмыз.

Пікірлер