Мыңнан аса дәрігер жұмыс істейтін 12-аурухананың covid ошағына айналғанын күтіп отыр ма?

3074
Adyrna.kz Telegram

Дәрігерлер көп жайтты айтудан қорқады. Мына хат 12‐ауруханадан келді. Сонда жұмыс істейтін кісінің айтуынша, бүгін ондағы қабылдау бөлімінде жұмыс істейтін бір медбике, бір санитар, бір травматолог дәрігер және бір хирург дәрігерден covid-19 анықталған.


Медбике мен санитар кісінің ауырғанына үш күн болған, тест нәтижесін бүгін алыпты. Бірақ Алматының денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтанға хабарлауға асықпай отыр дейді. Егер хабарланса, аурухана covid ошағы ретінде карантинге жабылуы керек. Сонда ол ауруханада жатқан онсыз да денсаулығы дімкәс қаншама науқас пен бір ғана қабылдау бөлімінде жұмыс істейтін 500-дей қызметкердің өмірі ойыншық па? Қазір төртеуі де 12-де жатыр, оқшауланған. Бірақ олармен контактіде болғандар қаншама адаммен байланысқа түсіп жатыр емес пе? Төрт кісі де қабылдау бөлімінде жұмыс істеген. Екі дәрігердің бірінің жағдайы ауыр деді. Пневмониямен ауырған науқастарды инфекциялық ауруханаға емес, 12 ауруханаға апаруға неге қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұйрық берген? Дәрігерлер сол адамдардан жұқтырмасына кім кепіл? Германиядан келген науқасты да сонда апарған? Covidпен ойнауға болмайтынын денсаулық сақтау басқармасының түсінетін уақыты болды ғой. Таңертеңге дейін кеш болып, ошақ үлкейіп кете ме деп жазып отырмын. Құрметті Денсаулық сақтау министрі Yelzhan Birtanov мырза, осы жағдайды шұғыл назарыңызға алуыңызды сұраймын.
PS: Алматылық журналистер мен әкімдік, денсаулық сақтау басқармасы өкілдері отыратын чатқа жазсам болатын еді. Кешкісін қазақтілді журналистер қазақша ақпарат сұрағаны үшін доступты жауып тастады🤦‍♀️.

Қанат Әбілқайыр:

- Осыны мүмкіндігінше бөлісе отырғайсыздар! Бұл мәселе Ақордаға жетіп, дереу шара қолдану керек. Болар іс болғаннан кейін, жауып-жасырмай нақты ақпаратты Берік Уәли ағалар анықтап, Қасым-Жомарт Кемелұлына жеткізеді деп ойлаймын!

Ирина Советжанқызы

Пікірлер