Зиятхан Гасанов бақилық болды

3666
Adyrna.kz Telegram

"Абди Ибрагим Глобал Фарм" компаниясының бас директоры Зиятхан Гасанов көз жұмды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабарлайды.

"Ол алғашқылардың бірі болып, қазақстандықтар мен медицина қызметкерлеріне коронавируспен күресуге көмектесті. Өкінішке қарай, қауіпті індеттің құрбаны болды", - делінген жедел штабтың Telegram-каналында.

"Зиятхан Ахмедович өз ісінің кәсіби маманы еді. Ол еліміздің фармацевтика саласының дамуына үлкен үлес қосты. Сондай-ақ, өзінің ауруына қарамастан COVID-19 вирусымен күресуге бар күшін салды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өңірлік департтаментеріндегі медицина қызметкерлерін қорғаныш заттарымен қамтамасыз етті", - делінген хабарламада.

"Абди Ибрахим Глобал Фарм" – Қазақстан мен Түркияның бірлескен кәсіпорны. Компания иелегіне Алматы облысындағы дәрі-дәрмек шығаратын зауыт кіреді.

Пікірлер