Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар баланың мәйіті табылды

5075
Adyrna.kz Telegram

Қызылордада жоғалып кеткен алты жасар баланың мәйіті табылды. Екі күн бойы Бақыт Альтаирды полиция, Ұлттық ұлан, ТЖМ және еріктілер іздеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Баланың денесі 29 сәуірде таңертең жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан табылды деп хабарланды.

«Қажетті сот-медициналық сараптамалары тағайындалды. Баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Тергеу басталды. Тергеу істері менің жеке бақылауыма алынды.
Мен кішкентай Альтаирдың ата-аналары мен туыстарына отбасында болған қайғыға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Баланың қайтыс болуы - орны толмас қайғы. Мен сіздердің қайғыларыңызға ортақпын», деп түсініктеме берді Қызылорда облысының полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.

Естеріңізге сала кетейік, алты жасар Альтаир 27 сәуір күні үйден шығып кетіп қайта оралмаған. Ал ата-анасы 9 сағаттан кейін ғана полиция бөліміне хабар берген.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото ғаламтордан)

Пікірлер