Бүгін елордада дезинфекция жүргізу үшін түнгі уақытта дәрі-дәрмектер себілетіні туралы хабарлама расталмаған болып шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Елорда тұрғындары WhatsApp мессенджерінде осындай хабарламалар ала бастаған.
Айта кетейік, соңғы ресми деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27 адамға жетті.