Дәурен Абаев: Елбасының немересі туралы жазбалар жазасыз қалмайды

3173
Adyrna.kz Telegram

Абаев Елбасының немересі туралы мақалалар үшін жазалау туралы: сұрақ New York Times-ке қатысты болмауы мүмкін

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі – Айсұлтан Назарбаевтың жазбалары туралы ақпараттың жариялануы жазасыз қалмайтындығы туралы мәлімдеме американдық New York Times басылымына қатысты болмауы да мүмкін, деп мәлімдеді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
«Бұл жердегі мәселе тек құқықтық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге, моральдық тұрғыдан да дәлелдеумен байланысты. Яғни, жеке адамдар жеткізуге тырысап жатқан нәрселерден гөрі бұл жағдайға әлдеқайда тереңірек үңілу керек. Әдейі жалған ақпарат тарату, азаматтардың ойын манипуляциялау – бұның барлығы пресс-релизде көрсетілген мәселелер болып саналады», - деді Абаев ҚазТАГ-тің Елбасының немересінің желідегі жазбаларына қатысты жарияланған ақпаратты қалай «жазасыз қалдырмағаны» туралы қойылған сұрағына жауап бере отырып.
Алайда ол жаза қолданылатын негізге алынғалы отырған нақты бап пен нормативтік актіні атай алмады.
«Мамандар көмегіне жүгіну керек. Егер сіз маған нақтылап айтсаңыз, мен сіздің сұрағыңызға жауап беремін. Мұны заң тұрғысынан қарастыру керек. Біз және оны қарастырып жатырмыз. Мен қарадым, бірақ мен сіз сұрап отырған нақты баптың сілтемесін кейінірек бере аламын», - деді министр.
New York Times, The Times және басқа да ірі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында осы тақырыптағы жарияланымдарды қалай «жазасыз қалдырмайтыны» туралы сұраққа Абаев бұл мәлімдеменің оларға қолданылмауы мүмкін деп жауап берді.
«Мұны да қарау керек шығар. Сіз бұл мәселенің нақты New York Times газетіне қатысты айтылмаған болуы мүмкін екенін де түсініп отырсыз», - деді Абаев.
Естерңізде болса, 13 ақпандағы соңғы жазбасында Айсұлтан Назарбаев Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады. Сондай-ақ, ол қолында «Ресей мен Қазақстан үкіметі арасындағы аса ауқымды сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат бар» екендігін, Тұңғыш Президент пен оның қызын да, Елбасы отбасының басқа да мүшелерінің теріс әрекеттерін әшкерелейтін басқа да мәліметтерді жариялады. Айсұлтан Назарбаевтың ашық мәлімдемелері бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен атаратылды – АҚДМ төрағасы Абаев бұл басылымдар жазасыз қалмайды деп сес көрсетті. Алайда, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің ескертуіне қарамастан, тұңғыш президенттің немересінің сөздерін әлемнің жетекші басылымдары, соның ішінде The New York Times, The Times, Reuters, РБК, Коммерсант, Украиналық Unian, Беларусь, Украин, Итальян және басқа әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жариялауда.

Пікірлер