Денсаулық министрлігі шұғыл 4 миллионға жуық бетпердеге тапсырыс берді

3041
Adyrna.kz Telegram
Әлемді шулатқан коронавирусқа байланысты Қазақстандағы ауруханаларға қосымша медициналық бетперделер сатып алынбақ.

 Қазақстанның ауруханаларына қосымша төрт миллионға жуық бетперде сатып алынады. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында бас санитар Жандарбек Бекшин мәлімдеді деп хабарплайды" Адырна".

"Ауруханалар үшін біз шұғыл қосымша медициналық бетперделерді сатып алып жатырмыз. Атап айтқанда, 2,5 миллион жай бетперде, 1,3 миллион респираторлық бетперде, бір рет қолданылатын және кәсіби костюмдер бар. Бұдан бөлек, диагностикалық аппаратураға арналған құрал-жабдықтар сатып алынады", - деді Бекшин.

Бас санитардың айтуынша, ауыр науқастарды тасымалдауға арналған 30 капсула да жеткізіледі. Сосын қосымша 33 тепловизор сатып алынады.

"Біз отандық өнім өндірушілерден дәкеден жасалатын бетперделерді көптеп жасауды сұрадық", - деді Бекшин.

Айта кетсек, бүгін таңертең денсаулық министрі респираторлық вирус белгілері бар төрт адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған болатын, кейін олардың екеуі үйіне жіберілгені айтты.

Ал түстен кейін Жандарбек Бекшин тағы алты адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Пікірлер