Қазақстандықтарды қайтару үшін Уханға арнайы борт жіберілмек

3811
Adyrna.kz Telegram

Қытайдың Ухан қаласында қалып қойған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы борт жіберуді жоспарлап жатыр, - деп хабарлайды ҚР СІМ.

"Кеше ҚХР СІМ-де шетелдік дипломаттар үшін брифинг өтті. Брифинг барысында Қытай тарапы елдегі жағдай туралы айтты. Әрине, олар барлығы бақылауда екенін және қажетті шаралар қолданылып жатқанын айтты. Қозғалысты азайту үшін азаматтардың мүмкіндігінше тұрғылықты мекен-жайында қалуын өтінді. Сондай-ақ, олар шетелдік мемлекеттердің өз азаматтарын эвакуациялау туралы сұраныстарын қарастыратынын айтты.

Осы орайда біздің тараптан ҚХР-ға нота жіберілді, қазіргі уақытта Ухандағы студенттерімізді эвакуациялау мәселесін ойластырып жатырмыз. Онда біздің 98 студентіміз бар. Студенттермен хабарласып жатырмыз, олар қайтамыз деген жағдайда арнайы борт жіберу мәселесін ойластырамыз", - деді Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев.

Шахрат Нұрышевтің айтуынша, рұқсат алу шарасы Қытайдың келісімін күтіп отыр екен.

Пікірлер