Пневмониядан тағы үш адам қайтыс болды

2632
Adyrna.kz Telegram

Қытайда коронавирустың жаңа түрінен тараған пневмониядан қайтыс болғандар саны тоғызға жетті , - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Кытай Халық Республикасын гигиена және денсаулық мәселесі бойынша мемлекеттік комитеттің басшысының орынбасары Ли Бинь айтты.  Таяуда 6 адам қайтыс болып, 324 адам осы ауру түрін жұқтырғаны айтылды.

"Қазіргі уақытта Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 440-қа жетті, тоғыз адам қайтыс болды", - деді Ли Бинь. 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытай билігі Ухань қаласында шыққан беймәлім пневмонияның өршуі туралы хабарлады. Алдын ала анықталған ауру қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі болды. Вирус Қытайдан асып кетті. Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ және Таиландта осы ауру түрін жұқтырғандар тіркелген. Ал жұқтыруға күдікті жағдайлар Сингапурда, Гонконгта және Аустралияда анықталды. Қытай билігі вирус адамнан адамға жұққанын ресми түрде растады. "Қауіпті індеттен барлық базар жабылды". Қытайдағы қазақ елдегі жағдайды айтып берді Мұның алдында вирустың Жапонияға жеткені айтылған болатын. Жапонияның Канага префектурасында тұратын қытайлық ер адам пневмонияның жаңа түріне шалдықты деп хабарланған еді. Коронавирус - 30-дан аса вирустан тұратын, екі тұқымдастыққа бөлінген ауру түрі. Алғаш 1965 жылы анықталған. Ауруды көп жұқтыратын объектілер - адамдар, үй жануарлары, құстар, шошқалар және ірі қара мал. Коронавирус тыныс алу жүйесін, асқазан-ішек жолдарын, жүйке жүйесінің зақымдануына әсер етуі мүмкін.
tengrinews.kz

Пікірлер