Ақпарат құралы, аппарат емес Әміреев мырза!!!

3771
Adyrna.kz Telegram

Жаңа әлем желіде Қызылорда облысы әкімінің аппарат басшысының бір ютуб каналға сұхбат беріп отырған видеосын көзім шалып қалды. Содан ашып, біраз қарадым, бірақ соңына дейін көруге шыдамадым. Өйткені, ой салар мағыналы әңгіме естімедім. Сондағы бір сұраққа дырдай аппарат басшысы қазіргі телеарналар мен газеттердің дәуірі өтіп бара жатыр, біз вайнерлер мен блогерлерге қарап бой түзеуіміз керек дегендей әңгімені бөсіп отыр.

Оу, Әміреев мырза телевизор көрмесе, газет оқымаса бүкіл БАҚ құралын жоққа шығару керек па? Олар ақпаратты кешеуілдеп таратады дейді. Міне қызық, мен білетін, өзім қызмет істеген Qyzylorda телеарнасы күніне үш рет тікелей эфирде "Жаңалықтар" шығарады. Және азанда айтылған ақпарат кешке қайталанбайды! Телеарнаның ресми сайты, ютуб, инстаграм, фб желілерінде барлық жаңалық, хабар күндегісі күнде жаиияланып отыр. Тіпті, қазір жергілікті газеттердің почти бәрінде сайттары бар. Ол жақтан да ескірген ақпар көрмеппін. Сонда, кім заманға ілесе алмауда деймін да? Қарапайым мысал келтірейін, жуырда ғана қарымды қаламгер Мұрат Жетпісбаев ағамыздың Егемен Қазақстан газетінде көтерген Сексеуілдегі балалардың мектепке қатынау мәселесін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев оқып, сонау Ақордад отырып Сыр өңіріндегі проблеманы шешу туралы Сіздерге пәрмен берді!!! Ел басқарып отырған көзі ашық, көкірегі ояу Президенттен үлгі алыңыз!!! Ал сол Сексеуілдегі мәселе жергілікті БАҚ та талай жылдан бері айтылып келді. Бірақ, оны еститін әкімдік болса, Президентке жетпей баяғыда шешімін табар еді!!!! Әлемжелі деп жүріп, бір күні сол желіде күлкіге қалмаңыз!!!

Әділбек Жақанов, 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер