Сопылар неге Қасем Сулейманиді ұлықтайды?

5094
Adyrna.kz Telegram

Күллі әлемді алаңдатып отырған Иран мен АҚШ-тың арасындағы қақтығыстың негізгі себебі экономикалық-саяси мүдде мен өркениеттік қайшылық екенін бәріміз білеміз. Иран террористік әскери ұйымының белді қолбасшысы Қасем Сулейманиді жерлеу рәсіміне шыққан миллиондаған халықтың ұстанымы ретінде "қарулы соғыстың"символы қара түс немесе "Исламның" түсі жасыл емес, отқа табынушы зороастризмнің символы( қызыл отты шоқ) қызыл түсті туды көтергеніне қарап парсы ұлтшылдығының Иран елінде өте қарқын алғанын көріп отырмыз. Кезінде қанішер Гитлер ұстанған ұлтшыл-социал идеясының парадигмасы болып табылатын арийлік таза нәсіл теориясының прототипі, яғни фундаменті парсылық Зороастризмнен бастау алатыны бәріне белгілі.Пантеистік дүниетанымға өте етене жақын немесе әртүрлі идеологиялардың қосындысы болған сопылық ағымдардың Иранда кең етек жаюы және мемлекет тарапынан қолдау табуы (аятолла Хомейни парсы суфизмінің өкілі) әлемдегі сүннит-шиға деп бөлінген "Ислам" дініндегі екі магистральды бағыттың өзара конфронтациясын ашық көрсетеді. Анығында "Ислам" әлеміндегі 80/20 деп қабылдайтын көпшілік сүнниттердің тобын жүздеген сопылық тариқаттар құрайтынын көбі біле бермейді. Сол үшін генерал Қасем Сулейманидің өлімін тек ирандықтар ғана емес,бүкіл сүнниттік бағыттағы сопылардың(Қазақ елінде де Иранды жақтағандар өте көп) аза тұтуы бұл фактіге дәлел бола алады.

Сопылық тариқаттардың "Ислам" тарихында "қарулы соғыс" деп көптеген мемлекеттер мен халықтарды қылыштың жүзімен бағындырғаны туралы,мысалы әлем сүнниттерінің арасында беделі өте жоғары және өзін пайғамбар Мұхаммедтің ұрпағымын деп есептейтін Хабиб Али
https://tengrinews.kz/https://tengrinews.kz/russia/ramzanu-kadyirovu-perelili-krov-potomka-proroka-muhammeda-280645/
Джифри қасиетті "қарулы соғыс" туралы өзінің видеосұхбатында былай дейді:

Сопылар жиһад туралы не айтады?

Алла жолындағы жиһад саласын алсақ, онда мұсылмандардың Ислам дұшпандары мен жаулашыларға қарсы жүргізген барлық шайқастарының жетекшілері мен имамдары сопы имамдары болған. Иерусалимді кім босатты? (Алла оның босатылу күнін жақындатсын!) Оны босату үшін жорық кім ұйымдастырды? Бұл Салах әд-Дин Юсуф ибн Аюби еді. Ол Алла жолындағы шаһидтерді даярлау үшін Сириядағы Косён тауында сопылық оқу орталықтарын салды. Салах әд-Дин ибн Аюби пен Нур әд-Дин Зәнки «Сопылық туралы үлкен кітаптың» негізінде діни ғылымдарының жаңғырылуы арқылы мұсылмандарды босату жолын ашты. Бірақ олар мұсылмандардың қорлануы мен өз-өздерін қорғауға қабілетсіздігінің себебі хадис бойынша дүниеге деген махаббат пен өлімнен қорқу екенін білетін. Сонда олар бұл дертті емдейтін кітапты алып, адамдарды жиһадқа дайындады.
Жетінші крест жорығын тойтарып, Әл-Мансур қаласында Людовик IX корольді тұтқынға алған әскердің жалаугері кім болды? Бұл Әш-Шәзилия тариқатының имамы Әбуль-Хасан Әли әш-Шәзили (рахимахуллах) болған. Ол көз жанарынан айырылған тоқсан жастағы қария болған кезде қолына жалауды алып: «әл-Джиһәд, әл-Джиһәд!» – деген шақыруды жар салды, ал мүриттері болса оның қолынан ұстады, сосын оның маңында көптеген ұлы ғұламалар жиналды, олардың арасында ұлы ғалым Иззу-д-дин ибн Әбду-с-сәлям болды. Олардың бәрі соғыс майданында болып, Людовик IX француз корольін тұтқынға алды.
Түн басқан кезде көптеген мұсылмандарды моңғол-татардың тұтқынынан босатқан әскерлердің жалаугері кім болды? Бұл тариқат имамы Ахмад әл-Бәдәуи болды.
Мароккалықтардың отаршылдарға қарсы текетіресін кім басқарды? Бұл сопылар болды. Ливиялықтардың итальян отаршылдарына қарсы үлкен жиһадын кім басқарды? Бұл әс-Сәнусия тариқатының ерушісі Умар аль-Мухтар болды. Сирия мен Иорданияда Ислам дұшпандары мен отаршылдарға қарсы күрес туын кім көтерді? Бұл Нақшбандия мен Шәзилия тариқаттарының шейхтері болды. Индонезияның және көршілес аумақтардың отарлануына қарсы кім тұрды? (Соның ішінде Нақшбандия тариқатының шейхі Дағыстан мен Шешенстанның имамы Шамильдің есімін атап өтуге болады.) Бұл әл-Әләуия тариқатының шейхі болды.
Кім бұл туралы ойланса – сол ақиқатты түсінеді. Хижраның бірінші ғасырынан бастап, біздің күндерімізге дейін жиһад туын сопылардан басқа ешкім көтермеген!

Осындай тарихи дәлелге толы деректердің тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Ислам әлемінде сүнниттер,яғни фундаменталистік-ортодоксты мұсылмандар 20%, ал керісінше шиға-сопылар -80% екені туралы парадокс дінтанушылар, мәдениеттанушылар мен саясаткерлерді ойландыруы тиіс!

Тұрарбек Құсайынов,

"Демос" ҚБ төрағасы 

Пікірлер