2019 жылы зорлау ісі бойынша жартысынан көбі тараптардың мәмілеге келуіне байланысты қылмыстық істер қысқарған. Бұл туралы ІІМ Тергеу комитетінің басшысы Санжар Әділов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Зорлау бойынша барлық қылмыстық істер тек сотқа жіберіледі. 2019 жылы зорлау бойынша қылмыстық істердің 51 пайызы қылмыстық кодекстің ережелеріне сәйкес тоқтатылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі ("Зорлау") және 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша көзделген құқық бұзушылық жасағандар тараптардың мәмілеге келу туралы арыз болған кезде сексуалдық сипаттағы зорлау әрекеттері қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Заңды қолданудың осындай тәжірибесі қоғам тарапынан сынға ұшырады", - деп түсіндірді Әділов.
Енді, оның айтуынша, жазаның көп бөлігін өтеу қажеттілігі бекітілгеннен кейін зорлық-зомбылық және жыныстық қылмыс жасауға жол берілмейді. Еске салайық, Қазақстанда зорлаудан кейін мәмілеге келу тәжірибесін алып тастады. Зорлық-зомбылық орта ауырлық деңгейінен ауыр қылмыс түріне көшеті. Балаларға қарсы жасалған мұндай қылмыстар аса ауыр қылмыстарға жатқызылады. 14 жасқа толмаған балаларға қарсы зорлық-зомбылық жасағаны үшін 20 жасқа дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы немесе өмір бойы қамау көзделеді.