Еске салайық, бүгін таңертең Иранда 180 жолаушысы бар украиналық ұшақтың құлағаны хабарланған болатын. Лайнердің "техникалық ақауға" байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырағаны белгілі болды. Әуежай басшысы бұл ақпаратты растап, ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді.
Артынша Иран әуежайының өкілдері украиналық ұшақтың апатқа ұшырау себебін атады, - деп хабарлайды РИА Новости. "Ұшақтың қозғалтқышында болған өрт жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына себеп болды", - деп мәлімдеді әуежайдың ресми өкілі IRNA агенттігіне берген сұхбатында.
Осыған дейін Иранда апатқа ұшыраған украиналық лайнердің бортында болған барлық адам қаза тапқаны хабарланған еді.
Артынша Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардық арасында қазақстандықтардың жоқ екенін ресми мәлімдеді.