Иран Трамптың "басы" үшін 80 млн доллар сыйақы жариялады

3503
Adyrna.kz Telegram

Иранда қаза болған генералмен қоштасу рәсімі кезінде Дональд Трамптың басы үшін 80 млн доллар тағайындалды. Бұл қаражатты ирандықтар жинамақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Иранның мемлекеттік арналарының бірінде тікелей эфирде Иран халқы Америка президентінің бұйрығымен әуе шабуылында қаза тапқан генерал Сүлейменімен қоштасқан кезде хабарланды. Трамптың "басына" берілетін сыйақы туралы сөздерді қаралы жиында панегирист айтқан.

Иранда қазіргі уақытта 80 млн адам өмір сүреді. Панегиристің сөзінше, егер әр ирандық бір доллардан берсе, онда 80 млн доллар жинауға болады. Mirror басылымының жазуынша, панегирист бұл сома АҚШ көшбасшысының басын әкелген адамға сыйақы ретінде беруге жетеді деп есептейді.

Рәсімді Iran’s Channel One телеарнасы 5 қаңтарда трансляциялаған. Панегирист шулы мәлімдемесін Мешхеде халқына қарата айтқан. Бұл Иранда халқы көп, ірі қалалардың бірі. Панегиристің аты-жөні анықталмаған.

Twitter желісінде панегиристің айтқан мәлімдемесі асқан танымалдылыққа ие болған.

Пікірлер