Ақ тиін мен қасқыр

7109
Adyrna.kz Telegram

Бір күні ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып:- Мені жеме, жібер? – дейді.

- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?

Сонда ақ тиін:

- Мені жіберіңіз, содан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді. Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:- Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта мәз болып жүреміз, – депті.

 

Пікірлер