Қолөнердің қадірін білдік

2477
Adyrna.kz Telegram

Жақында Үндістанның Чен­най қа­ласында Бүкіләлемдік қол­өнершілер сам­миті өтті. Төрт күнге созылған шараға әлем­нің 39 мем­лекетінен 700-ге жуық өнер саң­лақтары қатысып, әр ұлт өз төл туын­дыларын ортаға салды. Біздің шеберлер жасаған қол­өнер бұ­йымдары, зергерлік дүние­лер, то­қыма киізден жасалған тұр­мыс­тық заттар, музыкалық ас­пап­тарымыз келушілердің қы­зы­ғу­шылығын арттырып, жұрт­­­­шы­лықтың наза­рын аударды. Ав­торларымыз өз ең­бектері жа­йында әңгі­мелеп, әр экс­по­зи­цияның шығу тарихын, тұрмыс­тық маңызын түсіндіріп, қалай пай­даланыла­тынын көрсетті. Қа­зақ­тың қара дом­бы­расынан тө­гілген күй де ұлтымыздың сән-сал­тана­тын асыра түсті.

Пікір алмасу, ше­берлік дә­рістері өнер туын­ды­ларының ішкі-сыртқы көр­кем­дігін танып білуге, шы­ғар­машылық ша­быттың қана­ғатта­нуына, таным-талғамның биік­­теуіне жол ашты деуге толық негіз бар. Қолөнердің киесі қонған қа­сиетті қазақ өне­рінің мәр­тебесі биік болды, біздер сыннан сүрінбей өттік деп мақ­танышпен айтуға болады.
Ең бастысы, өнердің өресі биіктеді, осы қасиетті қолөнерді кие тұтқан өнер­паздар бірін-бірі­мен етене танысты, ұл­тына, түр-түсіне қарамай, бауырластық сезімге толы орта пайда болды. Достық қа­­рым-қатынас орнады, өнердегі үзең­гі­лес­тік, шынайы сыр­ластық еларалық бе­­­делді ны­ғайта түсті. Бәрінен бұрын Қа­­­з­ақстандай жер, ел бар екенін мойын­да­ғанын зор қуанышпен жеткізгім келеді.
Төрткүндік үлкен саммит бағ­дарла­масының шеңберінде өткен сарилер шеруі би қо­йылымы, үнді­нің классикалық би көрінісі, жоғары мода подиумы, әр мем­лекеттің өзіне тән өнер туын­дыла­рының озық үл­гілері және олардың көр­сетілімі біз­дер­ді рухани байытты. Қо­лөнер алып­тарымен танысу, өнерін тама­ша­лау, тек қа­на тамашалап қоймай, көптеген пай­да­лы жақтарын бой­ға сіңіріп қанат­танып қай­туы­мыздың өзі біздер үшін бо­­ла­шақ­тағы ба­ғытымызға бағдар бе­ретін жарық секілді болды. Ендігі үлкен іс, қазақ қол­өнер­ші­лерінің жа­уапкершілі­гі­не серт!
Біздің мойнымызға жүкте­летін ауыр жүк — ол халқымыздың төл өнері — қолө­нерін әлемге алып шығу, мәдениеті озық ел­­дермен иық тіресе биік белестерге кө­терілу. Міне, Ченнай саммиті бізге осыны міндеттейді. Төрт жылдан соң Қытайда өтетін дүбірлі қолөнер­шілер ассам­блеясына шығарма­шылықты, аумақты, татымды жұ­мыс­тары­мызбен қайта оралсақ де­ген үмі­тіміз шындыққа айнал­ғай!
Қорыта айтқанда, Үндістан сапары, Ченнайдағы әлемдік қол­өнер­шілер саммиті біздер үшін бер­гені мол, бағыт-бағдары анық сәтті форум болды. Біз де ұлтық қол­өне­ріміздің жұлдызы жарқы­райды деген нық сеніммен елге оралдық.


Жолаушы ТҰРДЫҒҰЛОВ,
Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті көркемсурет факультеті,
қолөнер кафедрасының профессоры

 

Пікірлер