"Қыранның" ойыншылары жеті ай жалақысыз ойнап жүр

2991
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысының қаржы басқармасы «Қыран» футбол командасының басшылығына оның шарттарын сақтамағандықтан сенім шартын бұзғаны туралы хабарлама жіберді деп хабарлайды "Казправда".

Себебі, ойыншылар жеті ай бойы жалақы алмады деген хабар тараған болатын. Алдымен мұндай мәлімдемелер әлеуметтік желілерді толтырып жіберді, содан кейін спорт шенеуніктері өткен аптада Түркістанда өткен баспасөз конференциясына журналистерді шақырып, жағдайға түсінік берді.

Онда Түркістан облысының әкімдігі «Қыран» футбол командасындағы жағдайға алаңдаулы екендігін айтты, себебі "Қыранның" ойыншылары  жеті айдан бері жалақы алмаған.

Бұған дейін клуб иелері облыс әкімінің орынбасары және тиісті басқарма басшыларымен кездескен. Кездесуде тараптар қаржылық мәселелерді талқылады. Футбол командасының жағдайымен танысқаннан кейін, аймақ басшылығы, ең алдымен, спортшылар алдындағы қарызды өтеу керектігін айтты.

Облыстық қаржы басқармасының хабарлауынша, сенім білдірілген тұлға келісімшарт талаптарын сақтамаған. Ол облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен келіспей, қызметкерлердің жалақысын көтеріп, директорларды бірнеше рет ауыстырғаны белгілі болды. Сонымен қатар, биыл облыстық бюджеттен бөлінген 281 миллион теңге басқа мақсаттарға пайдаланылған. Атап айтқанда, қаражат екінші лигаға қатысу үшін «Қыран» футбол клубында тағы бір команда құруға жұмсалды.

Зағ бұзушылықтар анықталғаннан кейін облыстық қаржы басқармасы «Қыран» футбол командасының басшыларына келісімшарт талаптарын орындамағаны туралы хабарлама жіберді. Келісім-шарт бұзылған күннен бастап 10 күн ішінде мүлік мемлекетке қайтарылуы керек. Егер сенім білдірілген тұлға талаптарға келіспесе, басшылық сотқа жүгіну құқығын өзінде қалдырады.

Еске салайық, «Қыран» футбол командасы 2017 жылдың жазында мәртебесін сақтай отырып, белгілі бір азаматқа 10 жыл мерзімінде сенімгерлік басқаруға берілген болатын. «Қыранда» менеджерді алуға тендерге үш адам қатысты. Олардың екеуі футбол клубының өкілдері - сол кездегі директор және спорт жетекшісі болған. Ол екеуінен бөлек қатысқан тағы бір азамат тендерді жеңіп алған еді.

Ұлттық экономика министрлігі бекіткен ережелерге сәйкес мемлекет, құрылтайшы және клубты басқаруды қолға алған тұлға арасында сенім шарты жасалды. Онда барлық жағдай қарастырылған. Атап айтқанда, менеджер құрылымды дамытуға белгілі бір инвестициялар салуы керек. Мемлекет оны қаржыландыруды жалғастыруға уәде берді, бірақ сонымен бірге менеджерге өзін дәлелдеуге мүмкіндік берді.

 

Пікірлер