Роналду Түркіменстанға келе жатыр

196
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0rCT1YdhRTcqqFnhnase5TTg6mEYSJkE7hSblOb5.jpg

30 желтоқсанда Куала-Лумпур қаласында футболдан Азияның екінші чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

1/8 финалда бақ сынайтын 16 команда жұп-жұпқа бөлінді. Жеребе қорытындысы бойынша Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы Ашғабадта Түркіменстанның қазіргі чемпионы «Аркадаг «командасымен кездеспек. Саудиялық клуб сапында әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду өнер көрсетеді.

Алғашқы матчтар 10–12 ақпан аралығында өтсе, қарымта кездесулер 17–19 ақпан күндеріне жоспарланған.

Турнирдің топтық кезеңінде «Әл-Наср» Тәжікстанның «Истиклол» клубына қарсы ойнаған. Алайда саудиялық команда Душанбедегі матчқа келмеген. Бұл жағдай бірнеше жыл бұрын да қайталанған.

Айта кетейік, Криштиану Роналду «Әл-Наср» клубында соңғы үш жыл бойы ойнап келеді. Алайда ол осы уақытқа дейін Орталық Азия елдерінде алаңға шыққан емес. 2023 және 2025 жылдары саудиялық клуб португалиялық жұлдызбен бірге АФК Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Душанбедегі «Истиклол» командасымен бір топта болған еді. Бірақ екі жағдайда да Тәжікстандағы матчтар соңғы турларға сәйкес келіп, «Әл-Наср» плей-оффқа жолдаманы мерзімінен бұрын қамтамасыз еткендіктен, сырт алаңға негізгі құрамын алып бармаған.

Пікірлер