Израиль парламенті кнессетте АҚШ президенті Дональд Трамп сөз сөйлеп тұрғанда 2 депутат өзі талабын білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Media.az-ға сілтеп.
БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, депутат Айман Одех пен Офер Кассиф Трамптың сөзін бөліп, «геноцид» деген жазуы бар плакат көтерген. Осыдан кейін олар залдан шығарылды. Олардың әрекеті "арандату" аталды.
Айман Одех – палестиналық-израильдік тектен шыққан депутат, ал Офер Кассиф – Израиль коммунистік партиясы «Хадаштың» өкілі және өз фракциясындағы жалғыз еврей.
Оқиға кезінде залда отырған күзет қызметкерлері тәртіп бұзушыларды бірден сыртқа шығарып, отырыс жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар