Оңтүстік Корея қазақстандық жасаған апаттан кейін көші-қон ережелерін қатаңдатады

7140
Adyrna.kz Telegram

Оңтүстік Корея заңсыз мигранттардың шығу ережелерін қатаңдатады. Бұл туралы "Yonhap" елдің әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Жаңа ережелерге сәйкес, Оңтүстік Кореяда ресми мәртебесі жоқ шетелдіктер кету туралы алдын-ала ескертуі керек. Егер бұл адамдар құқық бұзушылыққа қатысы болса, құқық қорғау органдарынан қашып кете алмайды.

Осы күнге дейін заңсыз иммигранттар елден кететінін сол күні ғана хабарлайтын. Енді олар бұл туралы кем дегенде бірнеше күнде хабарлауы керек - осы уақыт ішінде тексеру жүргізіледі.

Жаңа ережелер 21 қазанда күшіне енеді.

Мұндай шаралар Сеулден бірнеше жүз шақырым жерде орналасқан Чангвондағы оқиғадан кейін қабылданды. Қыркүйек айының аяғында сол жерде бір баланы көлік қағып кеткен болатын. Апат орнынан қашып кеткен көлік жүргізуші 20 жастағы Қазақстан азаматы екені белгілі болды. Келесі күні, белгілі болғанындай, ол елді тастап кеткен (Сеулдің жанындағы Инчхон халықаралық әуежайынан ұшып кетіпті). Басынан ауыр жарақат алған балаға ота жасалып, ол қазір ауруханада жатыр.

Кейіннен ҚР СІМ жүргізушінің үшінші елдің аумағында екендігі туралы ақпарат таратты. «Біз әлі де іздеудеміз. Жағдайды қадағалап отырмыз », - деді 30 қыркүйекте агенттіктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оңтүстік Корея билігі егер ол Қазақстанға қайтып оралса, оны ұстап беруін сұрайтындарын айтты. Екі ел арасындағы келісімге сәйкес Қазақстан күдіктіні ұстап беруі тиіс.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер