Алматыда балаларға арналған арнайы SIM-карталар сынақтан өткізілуде

1962
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/04/kibershabuyl-960x500.jpg?token=6180d0f86ecf15ca386246cc68bf6194
Алматы қаласында балаларға арналған “SIM KID” атты SIM-карталарды шығару бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жоба қазақстандық байланыс операторының қолдауымен жүзеге асуда, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов әлеуметтік желіде мәлімдеді. “Бұл – суицидті насихаттау, порнография, есірткі, онлайн-казино және басқа да интернет қауіптерден қорғайтын арнайы балаларға арналған SIM-карта. Ата-аналар бұл арқылы баланың қандай қосымшаларды пайдаланатынын көре алады, қауіпті сайттарға кіруін шектей алады және тіпті телефон үнсіз режимде болса да, баласына қоңырау шала алады”, – деп жазды Асылов. Тестілік кезең аяқталғаннан кейін, бұл SIM-карталар еліміз бойынша қолжетімді болмақ. Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарға толықтырулар енгізілгенін хабарлаған болатын. Атап айтқанда, “балаларға арналған SIM-карталарды енгізу, оларды баланың ЖСН-ы және туу туралы куәлігінің нөмірі арқылы тіркеу” ұсынылған. Айта кетейік, бұл бастама алғаш рет 2023 жылы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның тарапынан ұсынылған болатын. Жоба аясында ата-ана SIM-картаны өз құрылғысына “байлап”, баласының интернетті қалай пайдаланып жүргенін бақылай алады.
Пікірлер