Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы 5 жылға шартты түрде сотталды

1479
Adyrna.kz Telegram

Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек бес жылға шартты түрде сотталды. Бұл туралы Алматы соттары Telegram арнасы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

11 сәуір күні Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталды.

Сот Темірлан Еңсебектің бес жылға бас бостандығын шектеп, қоғамдық қызметпен айналысуға, оның ішінде журналист ретінде жұмыс істеуге, митингтерге қатысуға, сұхбат беруге тыйым салу туралы үкім шығарды. 

Айта кетейік, сот отырысында прокурор Дидар Қабаев бес жылға бас бостандығын шектеуді сұраған еді. 

Еске салайық, Qaznews24.kz парақшасының авторы, белсенді Темірлан Еңсебек 17 қаңтарда ұсталған еді. Оған қылмыстық кодекстің "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бабы бойынша іс қозғалған. 

Кейін полиция департаменті Темірлан Еңсебекті “ұлтаралық алауыздықты қоздыратын айқын белгілері бар материалды орналастырғаны” үшін ұстағанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының дерегінше, қазір Еңсебек Instagram парақшасында жариялаған “Йоу, орыстар” әнінің авторы іздестіріліп жатқан көрінеді

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер