Ұсталған журналист Лұқпан Ахмедияров босатылды

1322
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Астана қаласында полиция ұстаған журналист Лұқпан Ахмедияров кейін босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында қорғану құқығы бар куәгер ретінде танылған еді.

Полиция департаментінің мәліметінше, Орал қаласының тұрғынының арызы негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша тергеу басталған. Тергеу әрекеттері барысында Ахмедияров полицияға жеткізілген.

Кейіннен желіде оның бостандыққа шыққаны туралы ақпарат тарады. Әзірге оның парақшасында ешқандай жазба жарияланбады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер