Ұсталған журналист Лұқпан Ахмедияров босатылды

2257
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/img_8308-960x500.jpeg?token=d1f800a932f6a5623b21d9ab3fd593e7
Бүгін Астана қаласында полиция ұстаған журналист Лұқпан Ахмедияров кейін босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ол жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында қорғану құқығы бар куәгер ретінде танылған еді. Полиция департаментінің мәліметінше, Орал қаласының тұрғынының арызы негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша тергеу басталған. Тергеу әрекеттері барысында Ахмедияров полицияға жеткізілген. Кейіннен желіде оның бостандыққа шыққаны туралы ақпарат тарады. Әзірге оның парақшасында ешқандай жазба жарияланбады.
Комментарии