Перизат Қайрат анасымен бірге сотта жауап береді - Қаржы агенттігі

861
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram/01pk
Фото: instagram/01pk

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенат кулуарында қоғамда резонанс тудырған Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ҚМА өкілінің айтуынша, Перизат Қайрат бірнеше қайырымдылық мақсатында қаражат жинаған. Оның ішінде оңалту орталығының құрылысы, Палестинадағы зардап шеккендерге көмек және былтырғы су тасқынының салдарын жоюға арналған қаржылар бар. Алайда тергеу нәтижесінде аталған қаражаттың мақсатты жұмсалмағаны анықталған.

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенат кулуарында мәлімдеме жасап, тергеу барысында келтірілген залал сомасы бірнеше рет өзгергенін айтты. Қазіргі таңда бұл сома 3,5 миллиард теңге көлемінде белгіленген.

“Қазір тергеу аяқталды. Жәбірленушілердің нақты саны белгісіз. Бірақ алаяқтыққа қатысты бірнеше эпизод бар. Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаржыны активтерге біріктіру фактілері анықталды,” – деді Елемесов.

Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайраттың анасын да қылмыстық іске тартқан. Ол қазір үй қамақта отыр.

“Перизат Қайраттың анасын да 190-бап (“Алаяқтық”) және 218-бап (“Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру”) бойынша жауапқа тарту туралы шешім қабылданды. Ол қазіргі таңда үйқамақта отыр,” – деп мәлімдеді агенттік өкілі.

Айта кетейік, Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптарды мойындамай отыр. Бұған дейін оның ісіне қатысты тергеудің аяқталғаны хабарланған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер