Ералы Тоғжанов Батыс Қазақстан облысына барды

737
Adyrna.kz Telegram

Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды.

Сапар барысында Ералы Тоғжанов өңірдегі су тасқыны жағдайымен танысты. Ол жергілікті атқарушы органдар мен төтенше қызмет өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізіп, тәуекелдерді барынша азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын талқылады.

Сонымен қатар, ол Орал қаласындағы су басу қаупі бар учаскелерді аралап, сондай-ақ облыстың су тасқыны қаупі бар аудандарын, оның ішінде Теректі, Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау және Бөрлі аудандарын әуеден бақылады.

Сапар барысында су объектілері қаралып, көктемгі су тасқынының салдарын болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі бағаланды. Ералы Тоғжанов жергілікті атқарушы органдар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды жедел қабылдай отырып, жағдайды толық бақылап отырғанын атап өтті.

Бұдан бөлек, жұмыс сапары аясында Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуына қатысты кеңес өткізді. Өз сөзінде ол Батыс Қазақстан облысының бұл бағдарлама бойынша республикада көш бастап тұрғанын атап өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарын жеңілдікпен қаржыландыру, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері талқыланды. Бағдарлама тетігінің тиімділігіне, қатысушыларды іріктеудің ашықтығына және перспективалы жобаларды қамтуды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

 Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысы бекіткен 2023-2027 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің бастамасымен 2024 жылдың басында "Қаладан ауылға" пилоттық жобасының табысты іске асырылуын атап өтті.

 

Жобаның мақсаты:

• Азаматтардың ауылға қоныс аударуын ынталандыру;

• Халықтың көші-қонын азайту және ауылдық жерлердегі жұмыс күші тапшылығын жою;

• Ауылдық аумақтардың және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

• Шағын және орта бизнес субъектілерінің санын арттыру;

• Тұрақты жұмысы жоқ қала тұрғындары мен жас отбасыларды қолдау.

Бүгінгі таңда бағдарлама аясында БҚО-ның ауылдық елді мекендеріне 104 отбасы (519 адам) қоныс аударды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер