Қырғызстанда депутаттардың екі мерзімнен артық сайлануын шектеу ұсынылды

591
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kg
Фото: 24.kg

Қырғызстан парламентінде депутаттардың қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына шектеу қою туралы ұсыныс айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24.kg-ға сілтеп.

Бұл бастаманы Жоғары Кеңес депутаты Медер Әлиев көтеріп, халық арасында парламенттің құрамы ұзақ уақыт бойы өзгермейтіні туралы сын күшейгенін атап өтті.

«Біз шектеу енгізсек, қалай қарайсыздар? Мысалы, депутат болып қатарынан екі мерзімге ғана сайлануға рұқсат етілсін», – деді ол.

Алайда, заң жобасының авторларының бірі Ұлан Прімов бұл ұсынысты кандидаттардың құқығын шектеу деп бағалады. Ол депутаттарды сайлау мәселесі халықтың таңдауы екенін айтып, жазбаша ұсыныс берілген жағдайда оны талқылауға дайын екенін жеткізді.

Медер Әлиевтің пікірінше, сайлау жүйесін реформалағанымен, азаматтардың көзқарасы өзгермесе, негізгі проблемалар шешілмейді. Қазіргі уақытта бұл ұсыныс парламентте ресми түрде талқыланатын мәселелердің қатарында жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Ноксвилл опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер