Діни тақырыпта контент жасайтын блогерлерге арнайы куәлік алу міндеттелді

86
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cfMuWdIbdKXSuAOwQcMLQw65PILyKl48iQWWNi4b.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалды
Қырғызстанда діни тақырыпта жазба жариялайтын блогерлерге арнайы куәлік алу талабы енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ұлттық дін істері және этносаралық қатынастар агенттігінің бас маманы Нургазы Кыргызбаев айтты.

24 kg дерегінше, заңнамаға «діни уағызшы» деген жаңа ұғым енгізілген. Осыған байланысты діни тақырыпта блог жүргізетін, подкаст түсіретін немесе әлеуметтік желілерде пікір білдіретін авторлар алдымен Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасына жүгініп, діни білімін растауы керек. Сондай-ақ блогында қандай діни бағыттарды қамтитынын алдын ала көрсетуі тиіс. 

Тексеруден өткеннен кейін автор Мемлекеттік дін істері агенттігіне жүгініп, бір жылға жарамды арнайы куәлік алады. Құжаттың мерзімін ұзартуға болады. 

Егер блогер діни салаға қатысты жалған ақпарат таратса немесе заң талаптарын бұзса, оның куәлігі жойылады. Мұндай жағдайда жаңа куәлік алу мүмкіндігі де қарастырылмайды. 

Ведомство өкілінің айтуынша, жаңа талап діни тақырыпта подкаст жүргізетін, пост пен пікір жариялайтын және діни қызметі туралы ақпарат тарататын блогерлер мен дін өкілдеріне қатысты. Алайда талаптардың исламнан өзге дін өкілдеріне де қолданылатыны туралы нақты түсініктеме берілмеген. 

Пікірлер