АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен 18 наурыз күні телефон арқылы сөйлеспек. Бұл туралы ол Флоридадан Вашингтонға ұшу кезінде журналистерге берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Айтуынша, қос тарап әскери қақтығыс мәселесі мен атом электр станциясын бақылауды талқылайды.
«Соғысты тоқтата аламыз ба, жоқ па? Дәл осы сұраққа жауап алғымыз келеді. Менің ойымша, мүмкіндіктеріміз көп»,— деді ол.
Соңғы рет Трамп Путинмен 12 ақпанда сөйлескен еді.