Мәскеуде Әлиевтің әкесіне ескерткіш қойылмақ. Ақтаудағы ұшақ апатынан кейінгі мәміле

1118
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко мен Әзербайжанның бірінші вице-президенті Мехрибан Әлиева Бакуде кездесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Кездесу Федерация кеңесі делегациясының Әзербайжанға ресми сапары аясында ұйымдастырылды. Тараптар екіжақты қатынастардың, оның ішінде мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады»,—делінген хабарламада.

Сондай-ақ Гейдар Әлиев қорын басқаратын Матвиенко мен Әлиева Әзербайжанның ұлттық көшбасшысын еске алу жұмыстарын жалғастыру қажеттілігіне жеке тоқталған.

«Қос тарап Гейдар Әлиев ескерткішін Мәскеудегі Әзербайжан елшілігінің жанындағы алаңға салудың маңыздылығын атап өтті»,—деп толықтырды Ресей федерация кеңесі.

Еске салайық, 4 наурыз күні Әзербайжанның Ресейдегі елшілігінің жанындағы саябақта Гейдар Әлиевке салтанатты түрде ескерткіш қою рәсімі өткен болатын.

Ескерткіш тақтада: «Мұнда екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, көрнекті мемлекет және саяси қайраткер, Министрлер Кеңесінің Байкал-Амур магистралін салу және дамыту жөніндегі комиссиясының төрағасына ескерткіш орнатылады»,—делінген.

Гейдар Әлиев бұрын Әзербайжан КСР ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған болатын. Ол 1993-2003 жылдар аралығында ел президенті болды.  Қазіргі таңда Әзербайжанды оның ұлы Ильхам Әлиев басқарады.

Бұған дейін Әзербайжан мен Ресей Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушы ұшағы апатына байланысты дау болған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер