АҚШ сенаторы Элисса Слоткин Трамптың жақтасы, миллиардер Илон Маскты және оның басшылығындағы Үкіметтік тиімділік департаментін (DOGE) сынға алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ол Трамптың экономикалық жоспарын өткір сынап, әділетті салық жүйесінің қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, Слоткин Трамп, Вэнс және Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы Ақ үйдегі пікірталасқа да наразылығын білдірді.
Оның айтуынша, Рональд Рейган бұл жағдайды көргенде, "табытында аударылып түсер еді".
Слоткин Трамптың халықаралық саясаттағы ұстанымдарын да сынға алып, қырғи-қабақ соғыс кезінде билікте Рейган емес, Трамп болғанда, АҚШ жеңіліс табар еді деп мәлімдеді.
Элисса Слоткин бұрын Орталық барлау басқармасында Таяу Шығыс бойынша сарапшы болып қызмет еткен. Иракта үш рет іссапарда болып, Буш пен Обама әкімшіліктерінде Ақ үй мен Пентагонда жұмыс істеген. Кейін АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасына сайланып, 2025 жылы Мичиган штатының сенаторы қызметіне кірісті.