Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталып, ол 6 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Биыл 163 мыңға жуық талапкер тест тапсыруға өтініш білдірген. Оның 76%-ы қазақ тілінде, 23,9%-ы орыс тілінде, ал 162 адам ағылшын тілінде сынақтан өтпек.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, бірінші күні республика бойынша 775 талапкер тест тапсырды. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдады.
ҰБТ 120 сұрақтан тұрады. Яғни, қазақстан тарихы – 20 сұрақ, оқу сауаттылығы – 10 сұрақ, математикалық сауаттылық – 10 сұрақ, екі бейіндік пән – 40 сұрақ.
Ең жоғары балл – 140, ал тестілеу уақыты 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге қосымша 40 минут беріледі.
Айта кетейік, халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік грантқа ие бола алады.