Украина президенті Макрон және НАТО бас хатшысымен телефон арқылы сөйлесті

855
Adyrna.kz Telegram
Фото: iz.ru
Фото: iz.ru

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен өткен сәтсіз келіссөздерден кейін Франция президенті Эммануэль Макронмен және НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Financial Times басылымының журналисі Кристофер Миллер дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Алайда, тараптар арасында нақты не талқыланғаны белгісіз. Дегенмен Financial Times басылымының мәліметінше, Макронмен сөйлескеннен кейін Зеленский НАТО бас хатшысымен де байланысқа шыққан.

Бұған дейін Марк Рютте Солтүстік Атлантикалық альянстың Украинаға "миллиардтаған еуро" көлеміндегі жаңа көмек пакетін әзірлеп жатқанын мәлімдеген еді. Бұл туралы ол Трамппен телефон арқылы сөйлескеннен кейін хабарлады. Оның айтуынша, әңгіме "өте жақсы" өткен.

28 ақпанда Вашингтондағы Ақ үйде АҚШ пен Украина президенттері кездесті. Кездесу барысында екі ел арасында пайдалы қазбалар жөніндегі келісім жасалуы тиіс болатын. Алайда, келіссөздер қызу пікірталасқа ұласып, Зеленский мен Трамп арасында келіспеушілік туындады. Украина президенті Трамп пен АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнспен сөз таластырып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Нәтижесінде келісімге қол қойылмады.

Кездесу барысында Трамп Зеленскийді бірнеше рет "алғыс білдірмеуде" айыптады.
"Сіз үшінші дүниежүзілік соғысты тудыруыңыз мүмкін. Сіздің жасап отырған әрекетіңіз сізді қолдаған елге құрметсіздік көрсетумен тең", – деп мәлімдеді Трамп. Сондай-ақ, ол егер Украина келісімге қол қоймаса, АҚШ бұл процестен шығып кетуі мүмкін екенін ескертті.

Кездесуден кейін Зеленский АҚШ-қа қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп,
"Украинаға әділ әрі берік бейбітшілік қажет, біз дәл осы мақсатта жұмыс істеп жатырмыз", – деп мәлімдеді.

Трамппен келіспеушіліктен кейін Зеленскийге көптеген еуропалық саясаткерлер, оның ішінде Франция президенті Эммануэль Макрон қолдау білдірді.

"Агрессор – Ресей. Ал агрессия құрбаны – Украина. Біз көмектескендерді бағалауымыз керек, бірақ ең алдымен басынан бастап күрескендерді құрметтеуіміз қажет", – деді Макрон.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер