Чехияда бензол тиелген пойыз өртенді. Жалын шамамен 20 метрге жетеді

1610
Adyrna.kz Telegram
Фото: Lenta.ru
Фото: Lenta.ru

Чехияның солтүстік-шығысындағы Хустопеце над-Бекву қаласында құрамында улы бензол бар цистерналар пойызы өртеніп жатыр. Бұл туралы Idnes жаңалықтар порталы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, ең кемі бес теміржол вагоны мен бензол цистерналары өртеніп жатыр. Өрт локомотивті шарпыған. Жалынның биіктігі шамамен 20 метрге жетеді.

Оқиға орнына арнайы техникамен бірнеше өрт сөндіруші бригадасы барды. Өрт сөндіру авиациясы шақырылды. Хустопеце над-Бекву қаласында электр қуаты жоқ. Қала тұрғындарына үйлерінде қалып, бөлмелерді желдетпеу ұсынылды, себебі бензолдың жануынан туындайтын уытты заттардың үйге кіруі мүмкін. Өрттің себептерін полиция анықтап жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер