Алматы облысы, Қарасай ауданында өрт сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
25 желтоқсан күні сағат 16:56-да Алматы қаласы ТЖД мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің экипаждары Көкөзек ауылының Қарасай ауданындағы өртті сөндіруге шықты.
Қызметтік борышын атқару кезінде, екі қабатты жеке үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қаза тапты.
«Болған оқиғаның мән-жайы нақтылануда. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. ТЖМ Әділет Аянұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Білікті, өз ісінің кәсіби маманы ретінде оның естелігі біздің жүрегімізде мәңгілік сақталады», - деп хабарлады ведомстводан.
«Адырна» ұлттық порталы