Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді

1129
Adyrna.kz Telegram
Сурет: orda.kz
Сурет: orda.kz

Алматы облысында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолдау үшін прокуратураға жіберілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы облысының полиция департаменті мәліметінше, тергеу барысында 40 сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Сондай-ақ, 8 бейнематериал зерттеліп, күдіктілердің барлығына құқықтық баға берілді.

"Қылмыстық істің көлемі – 62 том. Әрбір тергеу әрекеті заң талаптарына сәйкес жүргізілді. Тергеу процесінде ашықтық пен объективтілік қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, тергеу барысы мен конституциялық құқықтардың сақталуын прокуратура бақылауына алды", – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

2023 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғар қаласында жасөспірім Шерзат Полат қаза тапқан. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, жәбірленушінің туыстары мен тұрғындар әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды.

Көп ұзамай, 12 қазанға қараған түні күдіктілердің бірі саналатын Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура бұл өрттің қасақана ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Жергілікті билік зардап шеккен отбасыға уақытша баспана мен тәулік бойы күзет беріп, үйді қалпына келтіруге уәде етті.

Сондай-ақ, 9 желтоқсанда Шерзат Полаттың өліміне байланысты тергеу барысында оның ағасының мәйіті табылды. Полиция оның өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады.

Қазіргі уақытта іс сотқа жіберілуге дайын, ал қоғам өкілдері әділ шешім шығарылуын күтіп отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер