Алматы облысында 11 жасөспірім тауға шығып, адасып қалды. Төтенше жағдайлар министрлігі таңертең жастардың қар мен жаңбырға қарамастан тауға шыққанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәліметке сәйкес, олар Турист шыңын бағындырғысы келген.
Алдымен құтқарушылар көтеріліп, топтың бес мүшесін тапқан. Бір жігіт үстіне тас құлап жарақаттанған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, барлығы төменге түсірілді.
Медицина мамандарына тапсырылғаннан кейін құтқарушылар қалған алты жасөспірімді тапты.