"Басқа жігітпен шатастырып, пышақтап кеткен". Құлсарыда бір топ адам күдікке ілінді

1163
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Құлсары қаласында көз жұмған 17 жастағы Эльдар Аманбектің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Информбюроға сілтеп.

Тұңғыш ұлынан айырылған Алтынай Шалтаева қылмысқа қатысы барлардың барлығы қамауға алынсын дейді. Айтуынша, 12 адам ұлын басқа жігітпен шатастырып, пышақтап кеткен.

Қайғылы оқиға өткен жылдың қаңтарында болған. 11-сынып оқушысы жоғары оқу орнына түсуге дайындалып жүрген. Ол досының туған күніне кеткен бозбала сол түні үйіне оралмады.

"Эльдар әзілқой, көңілді бала еді. Сол күні айнаның алдында билеп, киімін ауыстырып тұрған. Бетімнен сүйіп, туған күн аяқталғанда қайтамын деді. Бірақ сол кеткеннен қайтып келмеді..." – деп, көзіне жас алды марқұмның анасы.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрларда жолмен кетіп бара жатқан көлікті бір топ адамның тоқтатып, ішіндегі жігіттерді соққыға жыққаны анық көрінеді. Жәбірленушілердің айтуынша, күдіктілер Эльдарды басқа біреумен шатастырып, аяусыз ұрып-соғып, пышақтаған.

"Баламның күретамырын кесіп жіберген. Ол көп қан жоғалтып, сол жерде көз жұмды. Күдіктілер болса, оны басқа біреумен шатастырыппыз деп ақталуда. Бірақ олардың барлығы жасаған ісіне сай жазаға тартылуы керек!" – дейді анасы.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша бірнеше баппен іс қозғалған.

"Күдіктілерге қатысты "Адам өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру", "Бұзақылық" баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен 5 күдікті қамауға алынып, 7 күдікті үйқамаққа жіберілді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр," – деді тергеу басқармасының аға тергеушісі Темірхан Хажмұратов.

Марқұмның отбасы істің әділ тергелуін сұрап, қылмысқа қатысы барлардың барлығы заң алдында жауап бергенін қалайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер