Құрсауда қалған Құлсары. Эвакуацияланғандардың саны 29 мыңға жуықтады

754
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Құлсарыда эвакуацияланғандардың саны 29 мыңға жуықтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Құлсары қаласында құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

«Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмектесіп жатыр. Осы уақытқа дейін Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды», –  делінген хабарламада.

Пікірлер