21 ақпанда Астанада жолаушылар автобусы бағанаға соғылып, 15 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сегіз адам жеңіл жарақат алып, дәрігерлік тексерістен кейін үйлеріне жіберілді. Ал жеті адам ауруханада қалды, оның төртеуіне шұғыл хирургиялық операция жасалды.
Дәрігерлер науқастардың жағдайын бақылауда ұстап, қажетті медициналық көмек көрсетуде.
Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 25 жолаушы болған. Апаттың себептері анықталып, тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда жол апаты түсірілген бейне желіде тарап кетті.