Қазақстандық 600-ге жуық блогер 53,3 млрд теңге кірісін жасырған

1053
Adyrna.kz Telegram
Фото: uptu.work
Фото: uptu.work

Қазақстандық блогерлер 53,3 млрд теңге кірісін жасырған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мемлекеттік кірістер комитеті әртүрлі дереккөздерден алынған мәліметтерді салық декларацияларының деректерімен салыстыру нәтижесінде 594 тұлғада 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздіктер анықтады. 

Осыған байланысты, 13-14 ақпан күндері аралығында "кірістерді төмендету" бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілді.

"Бұл хабарламаларды орындау үшін тұлғалардан не қосымша есептелген салықтарды төлей отырып, жаңартылған салық есептілігін тапсыруы, не хабарламаға келіспеушілігін дәлелдейтін түсіндірме ұсынуы талап етіледі. Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайтынын ескеру керек", – делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында. 

Айта кетейік, мемлекеттік кірістер органдары салық міндеттемелерін толық орындауды қамтамасыз ету үшін блогерлерді қосқанда, жеке тұлғаларға тұрақты салықтық бақылауды жүзеге асырып келеді. Бақылау шаралары кезінде олар уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге тұлғалармен тиімді ықпалдасып, ақпарат алмасуда. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер