15 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдері Ресей мен Украина келіссөзшілерімен кездесуге Сауд Арабиясына аттанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Politico басылымының жазуынша, Трамп әкімшілігінің жоғары лауазымды тұлғалары Сауд Арабиясына Ресей мен Украина өкілдерімен бейбіт келіссөздер жүргізу үшін барады. Алайда украиналық шенеунік бұл келіссөздер туралы хабарлама Киев үшін күтпеген жаңалық болғанын және қазіргі уақытта украиналық делегацияны жіберу жоспары жоқ екенін мәлімдеді.
Politico деректеріне сәйкес, АҚШ атынан келіссөздерге мемлекеттік хатшы Марко Рубио, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекші Майк Уолтц, Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкіл Стив Уиткофф қатысады.
Ал Трамптың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог бұл келіссөздерге қатыспайды.
"Еуропалық Одақтың ірі мемлекеттерінің өкілдерін шақыру жоспарда жоқ", – деп жазылған жарияланымда.