Иранда әйел музыкант өнер көрсетеді деген концерт өтпей қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report-қа сілтеп.
Бұл туралы Ирандағы адам құқықтары ұйымы хабарлады.
5 ақпанда Исфахан қаласында «Лиана» музыкалық тобының концерті өтуі керек болған. Дегенмен, музыканттардың арасында әйелдің болуына байланысты концерт тоқтатылды.
Музыкалық топтың жетекшісі – Мохсен Шарифиан. Оның қызы Лиана Шарифиан да топ мүшесі. Оның қатысуына байланысты концерт өтпей қалды.
Қазір концерт өткізуге барлық құзырлы органдардан алдын ала рұқсат алынғаны айтылып жатыр.