Рахмон неден үрікті? "Мемлекеттік төңкеріске" айыпталғандар 27 жылға кесілді

1163
Adyrna.kz Telegram
Фото: Азия-Плюс
Фото: Азия-Плюс

Тәжікстанда бірнеше шенеунікке қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Азия-Плюс”-ке сілтеп.

5 ақпанда Тәжікстанның Жоғарғы соты "мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді" деген айып тағылған бірнеше тұлғаны ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырды. Кейбір сотталушылар 27 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сот процесі Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) тергеу изоляторы аумағында жабық режимде өтті. Сотталғандар қатарында бұрынғы шенеуніктер, саясаткерлер және журналистер бар.

Мәліметтерге сәйкес, Тәжікстан парламентінің депутаты, Демократиялық партияның бұрынғы төрағасы Саидджафар Усмонзода мен елдің экс-сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифи 27 жылға бас бостандығынан айырылып, мүліктері тәркіленді.

Сонымен қатар, Социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары Шокирджон Хакимов пен журналист, Демократиялық партияның бұрынғы басшысы Ахмадшох Комилзода - 18 жылға, Тәжікстан жоғарғы кеңесінің бұрынғы төрағасы Акбаршох Искандаров пен отставкадағы полковник Нұрамин Ғанизода - 18 жылға, ал СІМ-нің бұрынғы басқарма басшысы Абдулфайз Атои 17 жылға сотталды.

Журналист Рухшона Хакимова "мемлекетке опасыздық жасады" деген айыппен 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін оның екі кішкентай баласының болуына байланысты бостандықта жүргені хабарланған. Алайда сот үкімі шыққаннан кейін ол залда тұтқындалды.

«Азия-Плюс» мәліметінше, Хакимоваға қатысты іс оның Тәжікстандағы Қытай ықпалы туралы сұрау салуымен байланысты болған.

Адам құқығын  қорғайтын халықаралық ұйымдар Совет одағы тарағаннан кейінгі азаматтық соғыстан бері үзбей билікте отырған Имамали Рахмон кезеңінде Тәжікстанда репрессиялық тәсіл үстем болғанын айтады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мгновенный способ вернуть потенцию - выпить на ночь 1 ложку...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер