Тәуелсіздік сыйы. Тұңғыш Конституция күнін ұмыттық па?

1366
Adyrna.kz Telegram
Фото: azattyq.org
Фото: azattyq.org

Бүгін, 28 қаңтар – Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданған күні, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

1993 жылы қаңтардың 28-де тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының талқылау және қабылдау жөніндегі жұмыстары аяқталған болатын. Сол күні Жоғарғы Кеңестегі 312 депутаттың 309-ы Қазақстанның тұңғыш Конституциясын қабылдау жөніндегі ұсынысты қолдап, дауыс берді және экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тұңғыш Конституцияның түпнұсқа мәтіні табыс етілген еді.

Сол күні кешкісін тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының қабылдануына арналған Жоғарғы кеңестің салтанатты рәсімі өтті. Рәсімді ашқан Жоғарғы кеңес төрағасы Серікболсын Әбділдин жаңа Конституцияның түпнұсқасын сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, Қазақ ССР-інің 1978 жылы қабылданған Конституциясының түпнұсқасын Орталық музей басшысына тапсырды. Қаңтардың 28-і Конституция күні – мемлекеттік мереке болып белгіленді.

Бірақ уақыт өте келе тұңғыш Конституцияның кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалып, екі жыл өткеннен кейін қолданыста жүрген қазіргі Конституция қабылданды. 1995 жылғы 30-тамызда жаңа Конституция өмірге келгеннен бері 1993 жылғы қаңтардың 28-інде қабылданған ҚР Конституциясының мәтіні мемлекеттік мұражайда сақталып тұр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер