Airbus Қазақстанға өнімдерін жеткізу үшін пара бергенін растады

2749
Adyrna.kz Telegram
Фото: Reuters
Фото: Reuters

Француздық әуе кемелерінің алпауыты Airbus Қазақстанға өз өнімдерін жеткізгені үшін пара бергенін растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Airbus жұма күні Франция билігімен 2020 жылы келісілген рекордтық айыппұлдардан басқа, Ливия мен Қазақстандағы бұрынғы келісімдер бойынша парақорлықпен күресу жөнінде  жаңа келіссөздер жүргізіп жатқанын растады», - делінген Reuters агенттігі.

Бұған дейін Франция прокуратурасы Airbus компаниясымен ашылмаған мәселелерді шешу үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ, компания Франция билігімен Қазақстан мен Ливияға қатысты тергеулер бойынша толық ынтымақтасады деп растады.

Бұл екі тергеу 2020 жылы 3,6 миллиард еуро, соның ішінде Францияда 2,1 миллиард еуро айыппұл салуға әкеп соқтырған.

2009 жылы компания Қазақстанға тікұшақтар, спутниктер және спутниктік басқару орталығын жеткізді. Мәміленің аяқталуы кезінде Франция прокуратурасының мәліметінше, шетелдік шенеуніктердің пара алу және ақшаны жылыстату фактілері болған. Француз тарапы бұл істі төрт жыл бойы тергеп келеді. Іс сонымен қатар Airbus өнімдерін Ливияға жеткізуге де қатысты.

Airbus компанияның қазақстандық іс бойынша куәгердің көмекшісі ретінде әрекет ететінін хабарлады. Оларға әлі айып тағылған жоқ.

Airbus олардан қазақстандық іс бойынша делдал мәртебесі бар «куәгердің көмекшісі» ретінде жауап алынғанын айтты. Бұл француз заңнамасы бойынша компания қылмыс жасады деген күдікке ие, бірақ ресми айып тағылмаған.

Жемқорлық жанжалының аясында әуе компаниясы басшылық құрамын түбегейлі өзгертті.

2016 жылы тергеуге алынған компания қазір «соңғы үлгідегі талаптарға сәйкестік пен ақпаратты хабарлау жүйесі» бар екенін айтады. Дегенмен, Airbus 2023 жылдың басына дейін сыртқы бақылаушылардың бақылауында болады.

Сонымен қатар, компания заңды түрде орналасқан Нидерландыда азаматтық сот ісін жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Негізгі шағым - Airbus инвесторларға делдалдық схемаларды пайдалану туралы хабардар етпеген. Бұл жағдайда компанияның өзі «сенімді» қорғанысқа ие екенін мәлімдеді.

Пікірлер