Зардап шеккендер бар. Жезқазғандағы мұнай базасында жарылыс болды

1206
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Жезқазған қаласындағы мұнай базаларының бірінде жарылыс болып, артынан ірі өрт орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін газ-ауа қаспасы жарылып, ангар қабырғалары қираған.

"Жезқазғандағы мұнай базасының аумағында арнайы мақсаттағы үш автокөлік өртке оранды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін газ-ауа қоспасының жарылысы болып, ангардың қабырғалары қирады.

Оқиға орнында құрылған жедел штаб стратегиялық шешім қабылдап, отын сақталған көршілес резервуарды суыту арқылы оны қорғау үшін бір топты жіберді. Өрт сөндірушілер автоцистерналарды өрт шыққан жерге жақын орналасқан өрт гидранттарына қойып, көбік шабуылының көмегімен өртті сөндірді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт 100 шаршы метр аумаққа таралған.

Өрт салдарынан мұнай базасының төрт қызметкері түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы туралы ақпарат жарияланбады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер