Атырауда өртке оранған үйде төрт бала қалып қойды

2414
Adyrna.kz Telegram
Фото: Төтенше жағдайлар департаменті
Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Атырауда өртке оранған үйде төрт бала қалып қойды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өрт "Авангард 4" ықшам ауданындағы 5 қабатты үйден шыққан. 

"Өрт туралы ақпарат 7 шілде күні сағат 06.20-да келіп түсті. Өрт сөндірушілер баспалдақ маршының көмегімен төрт баланы құтқарып қалды", - делінген хабарламада.

Ауданы 15 шаршы метр болатын жатын бөлме өртенген. Өрт 06.50-де ауыздықталды. 

2003 жылы туған бала иіс газына тұншығып, ауруханаға жатқызылды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер